Жамбыл облысында 500-ден астам жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылды
Іс-шараға 436 полиция қызметкері, білім беру мекемелерінің 76 өкілі, денсаулық сақтау мекемелерінің 12 және жергілікті атқарушы органдарының 36 өкілі жұмылдырылды. Ювеналды полиция инспекторлары тұрғын үй аулаларында, саябақтарда және жастар көп жиналатын жерлерде, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 3 тәулікте ішкі істер органдарына 587 жасөспірім, оның ішінде 521 жасөспірім тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болғаны үшін, 22-сі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеткізілген.
«27 ата-анаға қатысты бала тәрбиелеуде өз жауапкершіліктерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Тәрбие және (немесе) білім беру бойынша жауапкершілікті орындамау, жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімделу орталығына 21 жасөспірім орналастырылды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Таразда жыл басынан бері 75 оқушы үйінен қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.