Жамбыл облысында 9 мамырға арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

None
ТАРАЗ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда және барлық облыс орталықтарында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Таңертеңнен бері Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қоғам өкілдері Тараздың «Атшабар» гүл бағындағы Даңқ мемориалына, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының бейіттеріне, Бауыржан Момышұлы, Ағәділ Сухамбаевтың ескерткіштеріне, Тараздағы және барлық аудан орталықтарындағы Мәңгілік алауларға гүл шоқтарын қойды.

Қаза тапқандарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Тараздың «Достық» орталық алаңында сахналандырылған көрініс пен «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы бөлімшелерінің шеруі болып өтті.

Тараздың Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға «солдат ботқасы» ұйымдастырылды. Жеңістің 65 жылдығында Бауыржан Момышұлының аты берілген осы саябақта нағыз дала асханасы жасалып, столдар жайылып, ардагерлерге қарақұмық ботқасы мен «майдандық 100 грамм» құйылуда.

Қаланың концерт алаңдарында қалалық Мәдениет үйі мен «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының көркемөнерпаздар тобының мерекелік бағдарламалары ұйымдастырылған.

Кешке «Достық» алаңында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік отшашу атылады.