деп хабарлайды облыстық ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.
Сүңгуірлік іздеу-құтқару жұмыстары Ақсу өзенінің арнасымен ұзындығы 500 метрлік ағыс бойынша төменге қарай өтуде. Барлығы 1,3 шақырымдық учаске зерттелді. «Іздеу жұмыстары оң нәтижесін берген жоқ және жалғастырылатын болады», - деп нақтылады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын «Volkswagen Bora» маркалы көлік Ақсу өзеніне құлады, оның жүргізушісі мен екі жолаушысы аман қалды.
Тағы екі жолаушы - Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны А.Садыров пен Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның 23 жастағы тұрғыны К.Сартбаева табылмады.