Жамбыл облысында әлеуметтік әріптестік арта түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанкенің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-экономикалық, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімінің орынбасарлары және облыс әкімдігінің тиісті басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Әуелі облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов облыс кәсіпорындарында жалақы қарыздарынының өтелімі және ұжымдық шарттардың қабылдану жағдайы туралы хабарлама жасады, деп жазады «Арай» газеті.

- Мемлекет өз тарапынан жұмыс­кер­лерге базалық кепілдіктер мен өтем­ақы­лар­ды төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін бел­гілеп, олардың жұмыс берушілер тара­пынан орындалуына қатаң бақылау жүргізе отырып, әрбір азаматтың еңбекке қатыс­ты құқықтарын қорғауға кепілдік береді.

Ал, жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру, жұмыстан босату, жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анық­тау рәсімдері жеңілдетілсе, екінші жағынан, жұмыскерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды  жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылған.

Еңбек ұжымдарында еңбек қатынас­та­рын және еңбек қауіпсіздігін заң талап­та­ры­на сәйкестендіру мақсатында, облыстық ең­бек инспекциясы басқармасы өз құзіреті шең­берінде ақпараттық-түсіндіру жұмыс­та­рын жүргізуде.

Есепті мерзімде еңбек қатынастары саласы бойынша 19 «дөңгелек үстел» оты­рыс­тары мен семинарлар, 10 еңбек ұжым­дарында 319 жұмыскерлерге оқулар өткізілді. Баспа­сөз беттерінде 30 мақала жарияланып, облыстың бірқатар еңбек ұжымдарында  кез­десулер мен  басқарманың  ашық есік күн­де­рі өткізіліп, облыс тұрғындарының еңбек заң­намасына қатысты сұрақтарына жауап­тар берілуде, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ Серғали Өмірзақұлы облыстық еңбек инспекциясы өз құзіреті шеңберінде, еңбек ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында, жүргізілген тексерулер барысында 2016 жылдың алты айында 126 заң бұзушылықтар анықталғанын жеткізді. Оның ішінде 74 еңбек  қатынастарына, 46 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға,  6 халықты жұмыспен қамту заңнамасына байланысты болса, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 100 еңбек ұжымдарда 18 көрсеткіш бойынша жүргізілген мониторинтің қортындысы бойынша  аталмыш 100 еңбек ұжымдарының 27-сінде ұжымдық шарттар жасалынбаған. Ал 88 кәсіпорындарда жаза­тайым оқиғалардан жұмысшылар сақ­тан­дырылмаған болса, 696 жұмыскерлердің жұмыс уақыты толық еместігі де анықталған. Жыл басынан бері 10 кәсіпорында  3882  жұмыскерлерге 369,021 миллион теңгенің жалақы қарызы бары анықталған.

- Бұл кәсіпорындардың басшылығына еңбек туралы заң талаптарын орын­да­ма­ған­дығы үшін, еңбек инспекторларымен  жалақы қарызына қатысты орындалуы міндетті  ұйғарымдар беріліп,  318,780  мың теңгені құрайтын  сомада айыппұлдар  салынып, қабылданған шаралар нәти­же­сінде 2428 жұмыскердің еңбек саласындағы құқықтары қорғалып, 298,564 миллион теңге жалақы қарыздары өтелінді, - деді Серғали Айдапкелов. Сондай-ақ Серғали Өмірзақұлы бұдан өзге де мәселелерді Тимур Амантайұлына баяндады.

Бұдан кейін сөз алған облыс бойынша Кәсіподақтар орталығының төрайымы Бахыт Сапарбаева Кәсіподақтар орталығының жұмыс берушілермен ұжымдық шарттар жасау барысы туралы хабарлама жасады.

- Облыстық кәсіподақтар орта­лы­ғы­ның базасында әр аптаның жұма күні қоғамдық қабылдау жүргізіліп келеді. Мұнда әрбір азамат еңбек заңнамасы бойынша және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы пайда болуы мүмкін еңбек дауларының алдын алу бойынша тегін заң кеңесін ала алады. Кәсіподақ заңгерлерінің қатысуымен 2015-2016 жылдар аралығында 12 жеке еңбек даулары қаралды және көп жағдайда қызметкерлердің, яғни кәсіподақ мүшелерінің пайдасына шешілді. 23 қыз­мет­керді жұмыстан шығаруға жол берілмеді. Сондай-ақ кәсіподақ заңгерлерінің қаты­суы­мен сот органдарында 30 кәсіподақ мүше­ле­ріне тегін өкілдік көрсетілді, - деді Бахыт Қосалықызы.

Айта кету керек, облыс бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіп­одақ­тар бірлестігінің құрамында 1286 бастауыш кәсіподақ ұйымы 124 мыңнан аса кәсіподақ мүшесін біріктіріп отыр. Оның ішінде 77962 әйелдер және 30407 29 жасқа дейінгі жастар, соның 9 мыңы студенттік жастар.

Отырысты қорытындылаған Тимур Амантайұлы қала әкімінің орынбасары Жақсылық Сапаралиевке, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарларына аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Және аталған тапсырмалардың хаттамаға енгізіліп, бақылауда болатынын жеткізді.

Хамит Есаман