Жамбыл облысында Әлеуметтік қызметтер орталығы жобасы жүзеге асырылды
20:58, 17 Қаңтар 2011
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып Әлеуметтік қызметтер орталығы жобасы жүзеге асырылды, жобаны Чкалов атындағы орта мектеппен бірлесе отырып, «Бота» қоғамдық қоры мен «Гуонлён» жастар орталығы ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Әлеуметтік қызметтер орталығының мақсаты - жоғарыда аталған балалардың компьютерлік сауаттылығын ашу, олардың денсаулығын жақсарту, әртүрлі үйірмелерге қатыстыру болып табылады.
«Жақсылық жаса» шарасының аясында Жамбыл ауданына қарасты ауылдардан келген 45 бала үшін қайырымдылық шара ретінде жаңажылдық шырша ұйымдастырылған.