«Қардың мол түсуі, ауа температурасының күрт төмендеуі және солтүстік-шығыстан соққан желдің секундына 15-20 метрге дейін жетуі салдарынан аталған учаскеде көру мүмкіндігі нашарлады. Жамбыл облыстық ТЖД-мен және жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша 21 желтоқсандағы сағат 17:00-ден бастап ІІД жол полициясының жеке құрамы «Алматы-Ташкент-Термез» көлік жолының учаскесіндегі көлік құралдарының қозғалысын жауып тастады», - делінеді ведомствоның баспасөз қызметінен таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» РМК-ның арнайы 9 техника бірлігі тас жолын тазалау, себумен айналысуда. Жағдай қиын болып қалуда, солтүстік-шығыстан соғып жатқан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді және көру мүмкіндігі нашар.
Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан дизельдік отынмен жұмыс істейтін көліктер бағыт алған орындарына жете алмай жолда қалды. Жол полициясы мен ТЖ департаментінің бірлескен күшімен 50-ден астам адам мен 12 техника бірлігі қауіпсіз жерге көшірілді. Адамдарды жылыту үшін Қордай ауданының Алға ауылындағы мектепке жеткізілді.
«Отар» бекеті мен Қордай асуы ауданында жалпы алғанда 800 жеңіл және жүк көліктері тұрып қалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД жол полициясының басқармасынан.