Жамбыл облысында Алматы-Ташкент жолының бойында жол апатынан 3 адам қаза болды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Алматы-Ташкент күре жолының 441-шақырымында 2 қараша күні түнгі 00:20-да «Мерседес» шағын автобусы мен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Апаттың салдарынан шағын автобустағы 1982 жылы туған жолаушы әйел мен тағы да екі әйел (олардың аты-жөндері анықталмады) оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақаттармен шағын автобустың жүргізушісі және оның бес жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Болған апаттың салдарын жою үшін ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД ТЖ бойынша бөлімінің 1 техникасы мен 3 адамы, «ЖҚЖ» ММ 1 техникасы мен жеке құрамының 4 адамы жұмылдырылды.