ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Аманаттықтар» «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің аймақтық штабымен кездесті.
Бұл туралы кандидаттың штабынан хабарлады.
«Сайлау процесін бақылау бойынша құрылған «АМАНАТ» азаматтық платформасының мақсаты мен міндеттері жайында айта отырып, «Аманат» азаматтық алаңының (платформасының) Жамбыл облысы бойынша аймақтық штабының жетекшісі Парида Мамедова мен штаб мүшелері бақылаушы күнделігін Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдеріне сыйға тартты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР Президентін сайлау 9 маусымда өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.
Бақытжан Серікұлы
Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінде 2012 жылдан бері қызмет етеді. Қазақ редакциясының шығарушы редакторы, шеф-редакторы болды. Қазір Қазақ редакциясындағы аналитика бөлімін басқарады.