Жамбыл облысында астық алқабы жанып жатыр

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы аумағында астық алқабы әлі жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 шілдеде Рысқұлов ауданының Қарақыстақауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығында (аудан орталығы құланнан 50шақырым қашықтықта) жалпы аумағы 65 гектар (арпа – 40 га, құрғақ шөп – 25 га)болатын арпа алқабы мен құрғақ шөп жанып кеткен. Өрт сағат 16.30-даауыздықталып, 17.17-де сөндірілді», - деді ведомствоның баспасөзқызметінен.

Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық Төтеншежағдайлар департаменті «Өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары» ММкүші (5 қызметкер мен бір техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (45 адаммен 12 техника) жұмылдырылды.

Бұдан бұрын, осы ауданда өрт сөндірушілер алтысағат бойы Құлан ауылынан 50 шақырым қашықтықтағы Өрнек ауылындағы шаруақожалығының алқабында шыққан өртпен күрескен еді.

«Шәушен» шаруа қожалығында 190 гектар бидайалқабы, ал «Аян» шаруа қожалығында 150 гектар арпа алқабы бар.

Ведомствода атап өткендей, өрттің шығуынаөңірдегі ыстық ауа райы ықпал етіп отыр.


Авторы Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар