Шу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Шу қаласындағы Локомотив стадионында өткен көрмеге облыс аудандарынан және көршілес қырғыз елінен барлығы 210 асыл тұқымды қошқар шығарылды. Олардың салмағы мен бойына, жасына қарай жеті аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Іс-шара соңында Шопан ата төлін көрмеге қатыстырған шаруаларға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды.
Жалпы, Жамбыл облысында қой өсіретін 1 500-ден аса шаруашылықта 3,5 миллион қой бар. Бұл шаруашылықтарда еділбай, қазақтың құйрықты қылшық жүнді, меринос, қаракөл және басқа да тұқымдары көбейтіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін біз Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары 6 жылға сотталды https://kaz.inform.kz/news/zhambyl-oblysy-auyl-sharuashylygy-baskarmasy-basshysynyn-orynbasary-6-zhylga-sottaldy_a4054189 деп жазған болатынбыз. Тараз қаласының №2 соты алаяқтық, ірі мөлшерде бөгденің мүлкін жымқыру және иемдену бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты үкім шығарған.