Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» деген азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.
Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.