26 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аймақтарында нөсер жауын жауады (жаңбыр, қарға ауысады). 26-27 қазанда түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі.
Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 26-27 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жылдамдығы секундына 15-20 м/с, 26 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда екпіні 23-28 м/с жетеді.
Таразда 26-27 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. 26 қазанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады», - деп хабарлады синоптиктер.