Жамбыл облысында ауға оралған балықшы суға батып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында биылғы жылы суға батып кетудің 30 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 тамызда 01:30-да Шу ауданында, Бірлік ауылы маңында Шу өзенінде балық аулап жүрген 65 жастағы ер адам ауға оралып суға батып кетті. Мәйітті тапқан жергілікті тұрғындар жағаға шығарып, полицияға тапсырды»,-деп мәлім етті облыстық ТЖД.

Жыл басынан бері өңірде суға байланысты 33 қайғылы оқиға тіркелді, көз жұмғандардың 18-і - балалар. 1 қазанға дейін Жамбыл облысының судан құтқару жасағы күшейтілген режімде жұмыс істейді.