Ал облыстағы барлық сайлау учаскесіне 104 302 сайлаушы келеді деп күтілуде. Ол, әрине, ауыл тұрғындарының белсенділігіне байланысты.
Жамбыл облысында саяси науқан 38 ауылдық округте өтуде. Үміткерлердің 67 пайызы - саяси партиялардан болса, қалғаны - өзін-өзі ұсынған азаматтар. 20 пайызы – әйелдер.
«Сағат жетіде 10 сайлау учаскесі ашылып, жұмысын бастады. Сайлау учаскелері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады»,- деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов.
Сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 76 054 (72,9 %) алды.