Жамбыл облысында автобус пен автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам көз жұмды

АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Тараздағы айналма жол мен Тараз-Сарыкемер тас жолының қиылысқан жерінде «Ванхол» рейстік автобусы мен «Ауди» автокөлігі соқтығысып қалды,

деп   хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз   қызметінен. 

Оқиға кезінде    автобустың салонында 43 адам болған.   Жол-көлік  оқиғасының салдарынан  «Ауди» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі,  жеңіл көлік  пен  автобустың  48 және 49 жастағы  екі  жолаушысы  оқиға орнында көз жұмған.  Сондай-ақ    автобустың бес жолаушысы  түрлі   жарақатпен  ауруханаға түскен.