«3 наурыз күні таңертең Жуалы ауданында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 557-ші километрінде Алматыдан Оңтүстік Қазақстан облысына бара жатқан Van Hool маркалы жолаушы автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, Mercedes-Benz маркалы жүк автомашинасымен соқтығысқан», - делінген Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол апаты болған кезде автобус салонында бір жүргізуші және 24 жолаушы болған. Жеті адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
«Осы факті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» деп аталатын 610-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар белгіленген», - дейді облыстық ІІД өкілдері.