Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ