Жамбыл облысында барлық мешіттер қайта тіркеуден өтті

None
ТАРАЗ. 22 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 19 қазанда Жамбыл облысы Дін істері департаментінің директоры Серғали Айдапкелов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкіл имамы, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевпен кездесті, деп хабарлады ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 240 филиалының Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден өткенін және 26 мешіттің жаңадан тіркелгенін хабарлады.

Осылайша, қазіргі таңда Жамбыл облысының аумағында ҚМДБ филиалдары ретінде 266 мешіт қызмет атқарады.