Іс-шара барысында байқаушылардың сайлау күні жұмыс істеуге дайындығы, сондай-ақ аудандар мен облыс орталығында өткізілген оқыту семинарларының барысы туралы мәселелер қаралды.
Жамбыл облысы бойынша сайлауды партиялық емес бақылау орталығының капитаны, «Жастар-Зертеу» ЖҚБ төрайымы Парида Мамедова партияға жатпайтын байқаушылардың сандық, сапалық құрамы және байқаушының заңды құзыреттілігін арттыру маңыздылығы туралы айтты.
Штаб мүшелері партияларға бейтарап қатынастың маңыздылығын және байқаудың Сайлау туралы заңды дұрыс сақтауға және сайлау учаскелерінде барлық санаттағы азаматтарға тең мүмкіндіктер беруге назар аударуының маңыздылығын қуаттады. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтыққа қатысты карантиндік режим талаптарын сақтау және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Бүгінгі күні 552 тәуелсіз байқаушы оқудан өтті. Олар өз міндеттерін халықаралық бақылау стандарттарына сәйкес орындауға дайын. Қазақстанның Азаматтық альянсынан 238 байқаушы, Кәсіподақтар федерациясынан 205 және «Жастар-зертеу» қоғамдық бірлестігінен 109 мобильді байқаушы қатысады. Барлық қажетті құжаттар: Жарғыдан үзінді, бірлестікті тіркеу туралы куәлік, сайлау учаскесіне жолдама, байқаушы дәптері мен төсбелгі Жамбыл облысының аудандарына жіберілуге дайын.
Іс-шараға 15 адам қатысты, оның ішінде облыстық сайлауды партиялық емес байқау орталығының мүшелері және азаматтық қоғам өкілдері бар.