Жамбыл облысында бес күнде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бес күндік іс-шара барысында заңсыз айналымнан 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрмек» жедел-алдын алуіс-шарасының нәтижесінде 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішіндетөртеуі Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен аса ірі мөлшерде есірткізаттарын сақтау, біреуі ҚР ҚК 300-бабымен құрамында есірткі бар өсімдіктердіөсіру және ҚР ҚК 296-бабы 1,2,3-бөліктері бойынша алты қылмыстық теріс қылықдеректері болып тіркелген.

«Ағымдағы жылдың 12шілдесі күні Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасыныңқызметкерлері Жуалы ауданының «Бәйтерек» және «Қызыларық» ауылдары арасындағытас жолында Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тұратын, бұрын сотталмаған және уақытшажұмыссыз Өзбекстан Республикасының 36 жастағы азаматын ұстады. Одан салмағы 3келі 786 грамм болатын «үнді марихуанасы» тәркіленді. Сонымен қатар, дәл осыкүні Шу ауданының «Аспара-Тасөткел» құмды аймағында салмағы 5 келі 400 грамм«марихуана» есірткі затымен 34жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыныұсталды»,- дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісіГүлсара Мұхтарқұлова.

Қазіргі таңда күдіктілеркінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ҚК-нің 296-бабы4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар