«18 шілде күні сағат 18:00-де Қордай ауданындағы қалалық типтегі Гвардейский кентінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен бір жасар қыз құлап кетті. Бала аудандық ауруханаға шұғыл жеткізілді», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғаға ата-анасының мұқият болмауы себепші болған. Ал тұрғын үй - №1 жатақхананың ғимараты.