Жамбыл облысында бірінші кезектегі Қазақстандағы алғашқы Қордай жел электрстансасының бірінші кезегі пайдалануға берілді
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қордай ЖЭС Қазақстандағы жел электр энергетикасы жобасының алғашқысы болып табылады. Және де бұл жел пайдалану арқылы алғашқы электр энергиясын өндіретін өнеркәсіп нысаны екенін айта кеткен жөн.
Жобаның инвесторы «Изен-Су» компаниясы болып табылады. Қордай ЖЭС-ның бірінші кезегі құрылысының құны - 370 млн. теңге, онда 40-қа жуық жұмыс орны құрылған.
Қордай ЖЭС қуаттылығы 1500 КВт, ол 500 үйді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.
Қордай ЖЭС жобасының құрылысы Жамбыл облысы әкімдігінің белсенді қолдауымен жүзеге асып отыр.
ҚР Президенті саясаты жүргізіп отырған қайталама энергия көздерінің дамуын қолдау, елімізде жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру облысқа жаңартылған энергия көздері бойынша 11 жоба нысандарының құрылысына отандық және шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік берді, деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2010 жылдың желтоқсан айында өңірде қуаттылығы 1,5 МВт құрайтын Мерке ГЭС-3 пайдалануға берілген еді.
Оған қоса, 2012 жылдан 2016 жылға дейін Жамбыл облысында жалпы қуаты 57 МВт 10 ГЭС-ның құрылысы жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы қуаттағы 623 МВт 4 ЖЭС салынбақ. Бірінші кезеңде 24 МВт, кейін 2000 МВт-ға дейін арттырылатын күн электр стансасының құрылысы жоспарланып отыр, деп нақтылады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.