Жамбыл облысында болған жол апаты 23 және 25 жас аралығындағы бес азаматтың өмірін қиып кетті

None
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Кеше Жамбыл облысы Крименовка ауылында болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат  ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Апат «Мерседес» және «IVEKO FORD» жүк көлігінің қатысуымен Алматы-Ташкент автожолының 586-шы шақырымында сағат 21.40-та орын алды. Жеңіл автокөлікте болған 23-25 жас аралығындағы бес адам сол жерде көз жұмды.