Жамбыл облысында дала өрті кезінде 50 гектардағы сексеуіл жанып кетті

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында дала өртеніп, 50 гектар аумақтағы сексеуіл ағаштары мен шөп жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысындағы Ақкөлорман шаруашылығына қарасты Шабақты жерінде ірі өрт болды. Тілсіз жаудың салдарынанауқымы 50 гектар қураған шөп пен сексеуіл ағаштары жанып кетті. Өрт сөндірушілерқызыл жалынмен үш күн бойы арпалысты. От төңірекке лезде тарап, маңайдағыбірнеше шаруа қожалыққа қауіп төндірді. Өртті ауыздықтауға жергілікті еріктілертобы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.

«Қазір өрт толықтайсөндірілген. Айта кету керек, облыста жыл басынан бері 11 дала өрті тіркеліп,37 мың гектар жер жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша қоршаған ортаға 3миллион теңгеден астам шығын келіп отыр. Өрттің көп жануына аумақтың сусызболуы және қатты желдің себепші болды. Өрт сөндіруге жалпы 6 техника, 60 адамжұмылдырылды», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіруқызметінің жедел кезекшісі Талас Назаров.

Соңғы жаңалықтар