Жамбыл облысында дауыл ағаштарды құлатып, шатырларды ұшырды
21:37, 03 Қараша 2016
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жылдамдығы 35 метр секундқа жеткен жел Тараз және оған жақын аудандарды әбігерге салды.
«Облыстағы ТЖД-ның барлық бөлімшелері дауылдың зардаптарын жоюға жұмылдырылды, - дейді Жамбыл облысы ТЖД басшысының орынбасары Талғат Сабыров. - Диспетчер телефонына өте көп қоңырау келіп түсуде. Барған жерлерде, жел шатырларды ұшырып, құлаған ағаштар электр желілерін үзген. Тіпті өрт шыққан оқиғалар да кездесті».
Т. Сабыровтың айтуынша, қатты желден Тараз және облыс орталығына жақын - Байзақ және Жамбыл аудандары зардап шекті. Басқа аудандарда жағдай біршама қалыпты, дейді ол. Табиғаттың тосын мінезіне қатысты толығырақ ақпараты облыстық ТЖД кейінірек ұсынатын болды.