Жамбыл гидрометереология орталығы аймақ тұрғындарына бірнеше күн бойы дауыл көтерілетіні туралы ескерту жасауда. Өткен аптаның ішінде Таразда жылдың осы мезгілі үшін жалпы заңдылықтан ауытқыған аптап - 30 градустан жоғары ыстық болған, кейірінек ауа температурасы Цельсийдің 20 градусына дейін күрт төмендеген.
Жамбыл гидрометереология орталығының мәліметтерінше, жақын тәуліктерде Жамбыл облысының шығысындағы Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарында шығыс бағытындағы желдің күшеюі сақталады - кейбір жерлерде желдің жылдамдығы 30-35 м/с-ке дейін жетеді.
Облыстық ТЖД-нің мәліметтерінше, облыста желдің күшеюіне байланысты ешқандай бүлінулер тіркелмеген.