11-12 тамыз күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман басып, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін деп күтілуде. Батыс, солтүстік батыстан соққан желдің күшеюі солтүстік шығыс желіне ауысады. 11 күні күндіз, 12 тамыз күні тәулік бойы 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Желдің ұйытқуы 23-28 м/с-ге жетеді.
10:45, 10 Тамыз 2017
Жамбыл облысында дауыл соғатыны ескертілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.