Жамбыл облысында денсаулық сақтау бюджеті 2011 жылмен салыстырғанда үш есеге дерлік өсті

None
ТАРАЗ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында денсаулық сақтау бюджеті 2011 жылмен салыстырғанда үш есеге дерлік өсті,

деп хабарланды облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан.

2012 жылы облыс бюджетінде денсаулық сақтаудың қажеттіліктеріне 31 млрд.-қа жуық теңге қарастырылған, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 29 пайызға көп.

Ағымдағы жылы Таразда облыстық балалар аураханысының құрылысы аяқталып, қалалық балалар ауруханасының (әрқайсысы 200 орынға арналған) құрылысы жалғасады. Сондай-ақ 300 орынға арналған көпсалалы қалалық аурухананың құрылысы басталады.

Облыстың елді мекендерінде 15 медициналық қосын мен дәрігерлік амбулатория салынады.

«Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше көңіл бөлінеді. 2012 жылдың бюджетінде медициналық жабдықтарды сатып алуға жарты миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға көп», - деп хабарланды медициналық ведомстводан.

Бүгінгі күні облыстық бюджеттің есебінен Сарыкемер ауылының ауруханасы бойынша қажетті құжаттар дайындалды. Қордай ауылы мен Шу қаласындағы ауруханалар бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Тараз қаласындағы ересектерге арналған 300 орындық психоневрологиялық интернат үйінің құрылысына республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге  қажет. Медициналық мекемеге жатқызылу кезегінде 320 адам тұр. Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша дайындалған құжат ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді, деп атап өтілді облыстық әкімдігінен.

Сонымен қатар, облыс орталығында 200 орынға арналған перинаталды орталық салуды қажет етеді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан орталықтың ғимараты 30 жыл бұрын перзентхана ретінде салынған, жобалық қуаты 130 адамға есептелген мекемеде медициналық көмек 215 адамға көрсетілуде.