Жамбыл облысында екі автокөлік, 450 шөп теңі жанып кетті

ТАРАЗ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында өткен демалыс күндері екі автокөлік, 450 шөп теңі жанып кетті,

деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Екі «ВАЗ» көлігі Таразда және Қордай ауданында жалынға оранды. Өрт қалалық 1-өрт сөндіру бөлімі және Қордай ауданының 9-өрт сөндіру бөлімінің күшімен ауыздықтады. Оқиғаның орын алу себептері мен материалдық шығын анықталуда.

Құтқарушылар екі сағатқа жуық Жуалы ауданы Ақтөбе ауылында өртенген шөп қорасындағы тілсіз жаумен арпалысты. 54 шаршы метрді шарпыған өрттің шығуына балалардың ойыны себеп болған. Салдарынан 450 шөп теңі жанып кетті. Өрттің орын алуына себепші - үй иесінің алты жастағы ұлы. Зардап шеккендер жоқ.