Жамбыл облысында екі балықшы суға батып кетті

None
АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Талас ауданының Алакөл ауылында екі балықшы суға батып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қайғылы оқиға балық аулау кезінде Алакөл көлінде орын алған. Мерт болған бір балықшының ? 28 жастағы ер адамның денесін құтқарушылар судан шығарды, екінші 44 жастағы балықшының денесін іздестіру жалғастырылуда.