«5 сәуір күні түнгі сағат бірде Рысқұлов ауданындағы Тәтті-Аспара бағытындағы теміржолдың 337 шақырымында «ҚТЖ» ҰК» компанииясының екі жұмысшысы №0131 электровоздың астына түсті», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
24 жастағы машинист Б.Елухан оқиға орнында қаза тапты. Екінші жұмысшы, 20 жастағы жігіт Мерке ауданындағы Орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.