Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 қыркүйекте Жамбыл облысының «Меркі» шипажайында салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен ҚР Кәсіподақтар федерациясының Еңбек жастарының республикалық форумы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның негізгі мақсаты - жұмысшы кәсіптерін өзектендіру, қоғамның материалдық игіліктерін қамтамасыз ететін Еңбек адамының беделін арттыру.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті Қоры Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Геннадий Шиповских, ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитеті төрағасы м.а. Асхат Оралов, Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов қатысуда.

 Форум барысында ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол бүгінде Қазақстандағы еңбек жастарына жеткілікті назар аударылмайтындығын атап көрсетті. 

 «Кәсіподақтар федерациясы еңбек жастарына баса назар аударуға ниетті. Бүгін осы Форумда жұмысшы жастардың өзекті мәселелерін білуді, оларды кәсіподақтармен бірігіп шешу жолдарын қарастыруды жоспарлап отырмыз.

Біз кәсіподақтар қызметіне жастарды белсенді түрде қатыстыруымыз тиіс. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында кәсіподақ саласы қызметкерлеріне арналған «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті» байқауын жариялады. Еңбек жастарының өкілдері біздің үміткерлер болатындығына сенімдімін», - деп атап өтті Бақытжан Әбдірайым.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың пікірінше, бәсекеге қабілетті кадрлар - талантты жастар өте маңызды. «Тұңғыш Президент Қоры тұрақты түрде жас журналистерге, жазушыларға, ақындарға, фотографтарға, ІТ-мамандарға арналған байқаулар өткізеді. Жыл сайын ондаған талантты мәдениет және ғылым өкілдері Қор лауреаттары болады»,-деді ол.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстың билік өкілдері жастарды еңбек саласына қатыстыру үшін қандай қадамдарға баратындығы туралы кеңінен тоқталды.

ҚРКФ Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров  атап өткендей: «ҚРКФ қатысуымен ашылған «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі» Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тұңғыш кешенді білім беру жобасы болып табылады. Қазақстанның түрлі өңірлерінде осы Мектептің алғашқы шығарылымы өтті. Бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарының 67 көшбасшысы оқытылды».

 «Біз Федерацияның «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында өз акциясын жариялағанын қуанышпен қабылдадық. Еңбек адамдары біздің әлеуметтік құндылықтар жүйесінде лайықты орынға ие болуы тиіс» - деп атап өтті Мұрат Әбенов.

Жас кәсіподақ көшбасшылары үшін ғылыми-қолданбалы сектор өкілдерінің, атап айтқанда «Жастар үні» АҚҰ Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі,  МҚІАД жанындағы АМТ Төрағасы Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» қозғалысы төрағасының орынбасары Талғат Жанысбай, PhD доктор, ҚАЗМЗУ доценті, МВА СЕО «Academy of labour relations» Бибігүл Нұрашева және т.б. шеберлік сағаттары мен алғысөздері қызықты және танымды болды.

Дәурен Бабамұратовтың пікірі бойынша «100 жаңа есім» жобасында еңбек адамдары міндетті түрде болуы тиіс, себебі, олар «өмірлік қиындықтар, қорқыныш пен қауіптерге күнделікті төтеп беретін, ел дамуы жолында ерен еңбек иелері болып табылады».

Мотивациялық және стратегиялық сессиялар аясында тәжірибелік тренингтер, шеберлік сағаттары, тимбилдгтер және басқа да шаралар  өткізілді.

Форум  еңбек жастарын әлеуметтендірудің маңызды құралы болып табылады және техникалық еңбектің алдағы онжылдықта әлеуметтік-еңбек саласының негізгі тренді ретіндегі бейнесін насихаттайды.