Жамбыл облысында ер адам каналға батып кетті

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қайғылы оқиға Байзақ ауданындағы каналда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешкі уақыттажергілікті тұрғындар Байзақ ауылына жақын маңда «Базарбай» каналынан ер адамныңмәйітін тапқан. Қаза тапқан 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Олшомылуға арналмаған жерде суға түскен», - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ТЖДбаспасөз қызметінен.

Шомылу маусымыныңбасынан Жамбыл облысындағы су айдындарында он оқиға тіркелді. Он адам, соныңішінде алты бала қаза тапты.

Өткен жылы осыкезеңде жеті адам, соның ішінде екі бала суға ағып кеткен еді, деп нақтыладыЖамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар