Аймақтағы білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Айдын Досыбаева 7 898 жеткіншектің 2 786-сы мүмкіндігі шектеулі екенін атап өтті.
«Сонымен қатар инклюзивті біліммен қамтылуы тиіс балалардың 3 463-і мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер болса, 4 435-і мектеп жасына жеткен. Олардың 81 пайызына білім мен тәрбие беріп отырмыз», - деді ол.
Спикер бүгінде өңірдегі жалпы білім беретін 444 мекеменің 392-сінде, 431 балабақшаның 251-інде инклюзивті білім мен тәрбие беру үшін жағдай жасалғанын жеткізді. Соңғы екі жылда 4 239 бала түзету-оңалту көмектерін алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін облыстағы балалар үйінің түлектеріне пәтер кілті табыс етілгенін жазғанбыз.