Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, газ баллонының жарылу оқиғасы Қордай ауылындағы жер үйлердің бірінде болған.
«Үйдің дәлізінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде бес литрлік газ баллоны жарылды. Жұмысшыларды күйік шалды. Өрт оқиғасы тіркелген жоқ, бірақ соққы толқыны үйдің терезе жақтауларын бүлдіріп, қабырғалар мен төбе жабынын сөгіп жіберген»,-деп айтылады ведомство хабарламасында.
Ауырлығы 1-2 деңгейлі 12-15 пайыздық дене күйігін алған жұмысшылар аудандық ауруханаға жатқызылды.