Жамбыл облысында «Халық Қаһарманы», полиция капитаны Ғ.Байтасов пен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ІІБ-нің қызметкерлерін еске алуға арналған автосайысқа дайындалуда

ТАРАЗ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Халық Қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасов пен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ІІБ-нің қызметкерлерін еске алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылуының 20 жылдық мерейтойына арналған автосайысқа дайындық жүруде.

Бұл туралы Жамбыл облысының ІІД-нен хабарлады.

Шараны ұйымдастырушылардың (ІІД-нің ардагерлер кеңесі, Жамбыл облысының әкімдігі) айтуынша, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен өтетін халықаралық автосайыс Қазақстан астанасы - Астана қаласында басталады.

Жамбыл облысы қарағандылықтардан эстафетаны 6 маусымда қабылдайды. Автосайыс қатысушылары Мойынқұм ауданындағы Шығанақ стансысына келеді. Мұнда оларды салтанатты кездесу және Шу қаласына дейін бірге еріп жүру күтеді. Шу қаласының вокзал маңындағы алаңда митинг өткізіліп, одан кейін Шу аудандық ІІБ-нің ардагерлері мен жеке құрамымен кездесу болып өтеді.

Одан кейін автотізбек Тараз қаласына аттанады. Тектұрмас зиратында жерленген Ғазиз Байтасовтың қабіріне гүл қойып, митинг өткізу, отшашу ату өткізіледі.

Байзақ ауданының Түймекент ауылында автосайыс қатысушылары Ғ.Байтасов оқыған мектепке барады.

Таразда ол жұмыс істеген жол полициясы басқармасына бару жоспарлануда. Мұнда ескерткіш тақтасының ашылу өткізіледі. Ішкі істер департаментінің алаңындағы ІІБ-нің Даңқ ескерткішінің қасында ІІБ-нің ардагерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелерінің қатысуымен митинг, ардагерлер мен полиция қызметкерлерін марапаттау өтеді. Қонақтар сондай-ақ полиция қызметкерлері Ғ.Байтасов, П. Аянқұлов, Ж. Байсейітовтың отбасыларына барды.

Автосайыс қатысушылары үшін ІІД-нің мұражайы, жедел басқару орталығы, сондай-ақ Тараздың көне ескерткіштері - Қарахан және Айша бибі мұражайлары, «Әулие ата» кешені, Қали Жүніс моншасы және тағы басқалары бойынша экскурсиялар ұйымадастырылады.

7 маусымда Бішкек қаласына шығу жоспарлануда. Жамбыл облыстық ІІД-нің өкілдері оларды Қырғызстан шекарасына дейін бірге еріп жүріп, эстафетаны Бішкек қаласына тапсырады.

Автосайыс қорытындылары бойынша фоторепортаждар бар буклеттер, бейнефильмдер, естелік вымпелдерін, қазақстандық полицияның 20 жылдығы бейнеленген төсбелгілерді шығару жоспарлануда.