«25 наурыз күнгі сағат 07-00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында мониторингке сәйкес 1А санатына кіретін елден келген 4 азамат карантиндік стационарға оқшауланған. Ал 1Б санатына жататын елден келген 67 адам үй карантинінде жатыр», - деді Берік Жарқынбеков «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев жамбылдық азамат коронавирусты Қырғыз елінен жұқтырып келгенін , Рысқұлов ауданында коронавирус табылды деген ақпарат жалған екенін айтқан болатын.