Жамбыл облысында қар көшкінінде зардап шеккен әскерилердің аты-жөндері жария етілді
17.02.2017 жылы сағат 13:15-те, Жуалы ауданына қарасты Алатау ауылы жанында (ТЖ орнына 35-40 шақырым) қорықшы Әлімбековтен «Көксай» шатқалында ҚР Қорғаныс Министрлігінің 91678 ә/б таулы қорықшы полктың 23 әскери қызметкері қар көшкінінің астында қалғаны жайында қоңырауы келіп түскен.
Сағат 13:30-да оқиға орнына Жуалы ауданының №7-ші ӨСБ-нен 8 адам жіберілді (ара қашықтығы 55-60 шақырым).
Сағат 13:30-да оқиға орнына ТЖД бастығының орынбасары полковник Е.Ж.Алпысбаев шықты.
Сағат 13:45-те Тараз қаласынан (аралығы 110 шақырымнан аса) «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен 27 адам 1 техника жіберілді.
Сағат 13:50-де қорықшы Әлімбеков тағы да хабарласып, қардың астынан 4 әскери қызметшіні шығарғандығын, әлі 17 адамның қалғаны жайында хабарлады.
Сағат 14:00-де Тараз қаласынан (аралығы 110 шақырымнан аса) ЖҚЖ ММ-нен 39 адам 4 техника оқиға орнына жіберілді.
Сағат 14:40-та оқиға орнына Жуалы ауданы әкімшілігінен 7 адам УАЗ автокөлігімен шықты.
Сағат 15:15-те оқиға орнына Тараз қаласының «КМО» ММ филиалының жедел бригадасы 3 адам 1 техника шықты.
Сағат 15:20-да оқиға орнына ТЖД бастығы а/қ полковнигі Б.Ж.Данилов шықты.
Сағат 15:30-да №7-ші ӨСБ-нен 8 адам шатқал бөктеріне жетіп ары қарай жаяу жылжып бара жатқандығы жайында хабарлады. Автокөліктің жүруіне мүмкіншілік жоқ.
Сағат 15:30-да ТЖД психологтардың кезекшілігімен қауырт желі телефоны (8 7262 51-41-67) ұйымдастырылды, барлығы 29 қоңырау түсті.
Сағат 15:45-те №7-ші ӨСБ-і оқиға орнына жетіп, іздестіру жұмыстарын бастады. Және де оқиға орнында 91678 ә/б-нің 54 адам 4 техника, жедел жәрдем бригадасы 3 адам 1 техникасы бар екенін хабарлады.
Сағат 17:00-де 4 адам табылды, 2-і қайтыс болған 2-і жарақатталғандар.
Сағат 17:15-те 9 адам табылды, 5-і қайтыс болған 4-і жарақатталғандар.
Сағат 15:45-те «ЖҚЖ» ММ-нен 39 адам 4 техника оқиға орнына жетіп құтқару жұмыстарын бастады.
Сағат 18:30-да 6 адам қардан аршып алынды (тірі). Барлығы: 23 адам табылды, 16 адам тірі 7 адам қаза болған.
Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД-нан - 80 адам 9 техника; 91678 ә/б-нен - 54 адам 7 техника; Жуалы ауданының АІІБ-нен - 10 адам 3 техника; ҚР ҰҰҚ ШҚ-нен - 25 адам 3 техника; ЖАО-нан - 16 адам 2 техника, барлығы 185 адам 24 техника жіберілді.
Зардап шеккендердің 8-і ауруханаға жатқызылған, 8 адам медициналық көмек алған соң үйіне қайтарылған, ал 7 адам қаза тапқан.
17 ақпанда сағат 22:30-да Тараз қаласындағы 73928 әскери бөлімнің госпиталіне 16 адам жеткізілді. Оның ішінде:
ауруханаға жатқызылғандар:
1) капитан Б.Б. Пернебаев 1988 жылғы. - оң қабырғасының зақымдануы;
2) аға лейтенант Б.О. Аманбаев - 1990 жылғы - үсік шалған;
3) сержант 3 кл. Н.С. Мамыралиев 1985 жылғы - жабық бас сүйек жарақаты (ЖБСМЖ), миының шайқалуы (БМШ), кеудесінің оң жағы жарақаты, суық шалған;
4) ҚРҚК қызметкері А. Т. Жұмағалиев 1982 жылғы - жарақат, бел омыртқасының дисторсиясы;
5) ефрейтор М.Н. Орынбек 1993 жылғы - үсік шалған, сол жақ аяқтың ұзақ уақыт қысылып қалу синдромы;
6) ефрейтор Н.А. Жамалаев 1995 жылғы - көлденең жабық сынық L-1, L-3, L-4 сол жақ. Люмбалгиялық синдром, үсік шалған;
7) ефрейтор Д.С. Тұрысбек 1995 жылғы - үсік шалған;
8) қатардағы ш/қ Д. Құлжабаев 1991 жылғы - үсік шалған.
Медициналық қаралудан соң қайтарылғандар:
1) ефрейтор А.К. Еділбаев 1988 жылғы,
2) сержант Ж.М. Сүңгібаев 1983 жылғы,
3) ефрейтор Б.Б. Әсембеков 1993 жылғы,
4) сержант А.Б. Аюбеков 1993 жылғы,
5) сержант Х.С. Сағындық 1993 жылғы,
6) ефрейтор У.Қайырбекұлы 1994 жылғы,
7) ҚРҚК қызметкері Р.А. Балқыбеков 1989 жылғы,
8) қатардағы ш/қ Б.О. Түймебеков 1981 жылғы.
Оқиға орнына қаза болғандар:
1) кіші сержант Мақсат Тұрарұлы Қыдырбаев 1991 жылғы,
2) кіші сержант Әуесбай Көмекбайұлы Ерісбаев 1992 жылғы,
3) келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Тілеужан Қуатжанұлы Кеңесов 1993 жылғы,
4) кіші сержант Әмір Жаңабайұлы Аралбаев 1988 жылғы,
5) келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Мақсат Құмағазыұлы Шәкен 1995 жылғы,
6) ефрейтор Мұхит Балмағанбетұлы Тұрысмағанбетов 1991 жылғы,
7) аға лейтенант Әлішер Қырықбайұлы Мошабаев 1991 жылғы.