«Жамбыл облысы аумағында әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметін шектеу іс-шараларын жүргізу осы қаулымен белгіленген «сары» аймаққа арналған 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылданады», - деп жазылған құжатта.
Аталмыш №1 қосымшада «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары көрсетілген.
1. «Сары» аймақтағы орналасқан мына нысандарда келушілер санын 70%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
- Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар
- Бильярд
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар
- Боулинг
- Цирктер
- Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету).
2. «Сары» аймақтағы орналасқан мына нысандарда бір келушіге кемінде 4 шаршы метр алаң ұсына отырып жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
- Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар
- Букмекерлік конторалар
- Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары.
Қаулының №2 қосымшасында «жасыл», «сары», «қызыл» аймақтардың үшеуінде де шектеусіз жұмыс істейтін нысандар тізімі берілген. Олар:
- Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу
- Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар
- Көрмелер
- Марафондар (ашық ауада)
- Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар
- Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары
- Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу)
- Ойын клубтары (казино)
- Түнгі клубтар
- Караоке
- Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері
- Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері
- Бассейндер.
Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.