Жамбыл облысында қардан тазаланған республикалық маңызды жолдар ашылды

None
ТАРАЗ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында республикалық маңыздағы жолдар автокөлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлады облыстық ТЖД-ден.

«Қазақавтодор» РМК кезекшілерінің мәліметтері бойынша, 23 желтоқсан күнгі 7:00-ден бастап Жамбыл облысының аумағындағы республикалық маңыздағы автожолдар, оның ішінде, Қордай, Күйік, Шақпақ және Хантау асуларында көлік қозғалысына жол ашылды. Облыстық маңыздағы қар басқан Б.Момышұлы ауылы мен Жуалы ауданындағы Қошқарата ауылы аралығындағы жол жабық қалып отыр», - деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Қауіпті жол учаскелерінде арнайы жол техникасын қолдануда тазалау және құм себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінен.