Жамбыл облысында қазынашылық департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Рахым Мыңбаев Жамбыл облысы қазынашылық департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Р.Мыңбаев 1962 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Мамандығы - экономист, заңгер.

Агроөнеркәсіптік банкте экономист, басқарушы, тексеру жұмыстары бөлімінің бастығы, бас тексеруші болып жұмыс істеген. «Темірбанк» ААҚ Батыс Қазақстан аймақтық филиалы директорының орынбасары, директоры міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. «Бюджеттік және өнеркәсіптік ұйымдардың сақтандыру компаниясы» Ақтөбе филиалының директоры, Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаметі бастығының орынбасары болған.