Анықталған науқас Бішкек-Алматы бағыты бойынша жүк тасымалдаған 59 жастағы Түркия азаматы болып шықты.
Алгоритмге сәйкес медициналық қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан енген уақытта карантиндік стационарға оқшауланған. Одан коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже берді.
Жақын байланыста болған төрт адам анықталып, карантинге орналастырылды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Науқастың болған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді.