«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Осылайша, мемлекетке 8 730 560 теңге сомаға залал келтірілді», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.