Жамбыл облысында күрт өскен нан бағасына тексеру тағайындалды
«Баға өспейді, - деді телефон арқылы сөйлесу барысында облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков. - Қазір тексеру тағайындадық, бұрынғы бағаға қайта келтіретін боламыз».
Еске салсақ, соңғы үш жылда жергілікті билік республика бойынша нанға ең төменгі бағаны ұстап тұра алды.
Облыстық АШБ деректеріне сәйкес нанға бағаны тұрақтандыру мақсатында 2016 жылғы қаңтарда келісі 75 теңгеден 3 мың тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алынған. Бұл ретте 2,8 мың тоннасы наубайханаға жөнелтілген. Осы жылғы 1 шілдеде тағы 2 мың тонна ұнды келісін 78 теңгеден сатып алу жоспарланған.
Наубайханаға ұн келісі 64 теңгеден түскен. Бұл бір бөлке нанға бағаны 53,4 теңгеден белгілеп, республикадағы ең төмен бағаны сақтауға мүмкіндік берді.
Әрі, Таразда осы жылы қаңтарда демеушілер «Мұқтаж жандарға тегін нан» акциясын ұйымдастырған. Дүкендерде сенім қағидаты бойынша нан зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға тегін беріледі. Жамбылдық кәсіпкерлер әлеуметтік әлсіз топты қолдау мәселесін осылайша шешкен. Акция барысында 60 мыңнан астам бөлке нан сатылды.
Еске салсақ, 2015 жылы нанға баға Таразда 5 теңгеге көтерілген, оны жергілікті билік жекелеген жосықсыз наубайханалардан көрді. Алайда нанға баға бірден қалыпты деңгейге түсірілген.