Жамбыл облысында Қырғызстанда тіркелген көліктен 10 мылтық табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының аумағында Subaru көлігінен тегіс ұңғымалы 10 мылтық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 қаңтар күні сағат 23:00-де Жамбыл облысы Қордай ауданының орталығында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ (көлік Қырғыз Республикасына тіркелген) ақ түсті Subaru маркалы көлік тоқтатылды. Көлікті тексеріп қарау барысында тегіс ұңғымалы 10 мылтық табылды. Полицияға 4 адам жеткізілді», - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, дәл осы Қордай ауылында жаңа 26 ұялы телефон мен қораптағы басқа да тұрмыстық заттар тиелген 2 көлік ұсталды. Екі күдікті Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша оқшаулағышына қамалды.