К.Зулуфоглы мен оның баласы бұл әрекетпен ұзақ уақыт бойы айналысып жүрген. Арнайы жүргізілген жедел- алдын алу шарасының барысында ұсталған азаматтардың контрабандалық жүкті жасыру мақсатында қатырылған тауық етінің үстіне картоп салған қап тиегендері анықталды. Олар бұл қылмыстарын жасыру үшін қаржы полициясы өкілдерін өздеріне «қамқоршы» болуға үгіттеген. Ол үшін сақшыларға белгілі бір мөлшерде тиісті қаржы беріп тұрмақ болған. Ал жедел-іздестіру шарасының барысында ұсталған азаматтар қаржы полициясы қызметкерлеріне 11 мың АҚШ доллары көлемінде «пара» бермек болған. Осы әрекеттері үшін К. Зулуфоглы 2,5 жылға оның ұлы Р.Зулуфов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
20:11, 24 Тамыз 2011
Жамбыл облысында Қырғызстаннан контрабандалық жолмен тауық етін өткізіп келген екі азамат ұсталды
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының қаржы полициясы органдары Қырғызстаннан «Айша Бибі» кеден бекеті арқылы қатырылған тауық еттерін контрабандалық жолмен тасып жүрген Тараз қаласының екі тұрғынын ұстады.