«2020 жылдың 12 қарашасында «Охотзоопром» инспекторлары Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мойынқұм аудандық полиция бөлімі және Жамбыл облысы Полиция департаментінің Шу ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел іс-шара өтізді. Жедел іс-шара барысында «Қарақыстық» жерінде қарақұйрықтың етімен 1986 жылы туған А. есімді азамат ұсталды», - деп хабарлайды комитеттен.
Еске сала кетейік қарақұйрық қызыл кітапқа енген аң саналады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.