Ағымдағы жылғы тамыздың 5-інде, сәрсенбі күні 06-50 сағат шамасында Алматы - Ташкент автожолының 215 км Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағында жол полициясы қызметкерлері «Сетра» маркалы автобусты мас күйінде басқарған, 40 жастағы жүргізуші ұсталды. Автобустың қозғалыс бағыты «ОҚО, Сарыағаш - Алматы», автобус салонында 51 жолаушы болды.
Автобус жүргізушінің құжаттары әкімшілік сотқа тапсырылады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабына сәйкес «Жүргізушінің мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін» жүргізуші куәлігінен 2 жыл мерзімге дейін айыру көзделеді.