«Басқа өңірлердің тәжірибесін негізге ала отырып, мұғалімдер мен дәрігерлерді
тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырамыз. Мемлекет басшысының
тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең - кезеңімен
арттыру жоспарлануда», - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, келер жылы онкологиялық орталық та ашылмақ. Оның жанынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көпсалалы аурухана бой көтереді.
«Жамбылдықтар басқа қалалар мен елдерге сабылмай, барлық медициналық
қызметтерге осы жерде қол жеткізуі тиіс», - деді облыс әкімі.
Ол барлық қабылданып жатқан қолдау шараларына қарамастан, денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйі көңіл көншітпейтінін баса айтты.
«Жамбылдықтар арасында қоғамдық сауалнамалар үнемі өткізіліп тұрады.
Негізінен олар дәрігерлерге, мектеп директорларына, азық-түліктің қымбаттауына,
коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты жиі шағымданады. Тұрғындар маған әлеуметтік желілерде дәрігерлер уақтылы медициналық көмек көрсетпейтінін айтып, жүгінуде. Бұл орайдағы басты мәселе, әрине – бюрократия.
Осылардан кейін медицинаны цифрландыру дамып жатыр дегенге сену қиын», - деді облыс әкімі бас дәрігерлерге.
Ол әрбір өтініштің арнайы комиссиямен қаралатынын ескертті. Кінәлілер жауапкершілікке тартылмақ.
«Бас дәрігер деген өз жұмысына жаны ашитын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибелі басшы болуы керек. Дәрігерлердің басты міндеті – өз антына адал болуы. Неліктен науқастар сіздің артыңыздан жүгіруі керек? Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәрігерлерге де қатысты», - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.