Оның сөзіне қарағанда, облыста Инвесторларды тарту жөніндегі кеңес құрылды. «2015 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 227 млрд. теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 5,9 пайыз деңгейінде өсім бар»,-деді әкім.
Атап айтқанда, инвестиция көздерінің басым бөлігі шаруашылық субъектілеріне тиесілі, яғни 40,8 пайызды қамтып отыр. Ал заемдық қаржы -36,5 пайыз деңгейінде.
Негізгі каптиталға инвестициялардың елеулі бөлігі көлік және қойма, электр үнемдеу, газ жеткізу секілді салаларға тиесілі болып отыр.
Әкімнің айтуынша, 2015 жылы негізгі капиталға салынған сыртқы инвестициялардың көлемі 82,6 млрд. теңгені құрады немесе инвестицияның жалпы үлесінде 36,5 пайызы. 2014 жылмен салыстырғанда сыртқы инвестициялар көлемі 17,1 пайызға кеміді. Оның деңгейінің азаюы бірқатар ірі инвестициялық жобалардың құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуымен, сондай-ақ тікелей шетел инвестицияларының әлемдік ағымының кері қарқынымен түсіндірілуде.
Бүгінде өңірде инвестициялық жобалар 12 елден келген шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда.